«Ойыншықтар әлемі» – қызыққа толы саяхат!
«Ойыншықтар әлемі» – қызыққа толы саяхат! Бүгін «Күншуақ» кіші тобында «Ойыншықтар әлемі» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс әрекет ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер ойыншықтар әлеміне саяхат жасап, сүйікті ойыншықтарының атауларын атап, түсі мен пішінін ажыратып, қызықты ойын тапсырмаларын орындады. Түрлі ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттері, сөздік қоры мен ойлау дағдылары дамыды. Әр ойыншық – баланың кішкентай әлемі, әр ойын – үлкен танымның бастауы! ❤️ Тәрбиеші: Оразбаева Фазила
«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ міндет»
«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ міндет» Құрметті ата-аналар! Бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілікті, мейірімділік пен үздіксіз ізденісті қажет ететін маңызды міндет. Әр баланың бойындағы қабілетті ашу, танымдық қызығушылығын арттыру және тұлғалық дамуына қолдау көрсету – отбасы мен педагогтің ортақ мақсаты. 💡 Ата-аналарға кеңес:
Күз — тек алтын бояулар мезгілі ғана емес, бұл — отбасының басын қосатын берекелі уақыт.
Құрметті ата-аналар! Күз — тек алтын бояулар мезгілі ғана емес, бұл — отбасының басын қосатын берекелі уақыт. Сіздерді балаларыңызбен бірге демалып, көңіл көтеруге арналған ерекше » Отбасылық күзгі фестивальге» шақырамыз! Бір сәт күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, балалық шаққа саяхат жасап, балаңызбен бір командада ойнап, бірге күліп, жылы естеліктер сыйлаңыздар! Фестиваль бағдарламасында: • Шығармашылық көрме: Күзгі табиғи материалдардан бірлесіп жасалған қолөнер бұйымдары. • Отбасылық сайыстар: Қызықты ойындар мен эстафеталар. • Күзгі жәрмеңке: Балалардың ата-аналарымен бірге дайындаған өнімдері мен тәттілері. • Фотоаймақ: Күздің көркем бояуларымен безендірілген естелік фотосуреттер.
Ішкі талдау
Анықтама
Әдістемелік көмек
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған білім беру ұйымдарының жанындағы консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастыру бойынша КМКҚ «Нұр орда» бөбекжай бақшасының 2025-2026 ож арналған жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік көмек көрсету жүргізілді.
Ішкі талдау
Қыс мезгілінің соңғы күндері бүлдіршіндерді аппақ қармен қуантты.
Демек «Қысқы эстафета» ойындары жалғасады❄️🌨☃️
«Нұр орда» бөбекжай бақшасының жылдық жоспарына сәйкес ІІІ педагогикалық кеңесте:Тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау .
📌Арнайы мамандардың апталықтарына талдау жүргізіліп, ұсыныс пікірлер айтылды . 📌Көрме ұйымдастырылып , әр топ тәрбиешілері жас ерекшеліктеріне қарай түсіндірді.